Зимбабве Президенті Роберт Мугабе отставкаға кетуден бас тартты. Бұл туралы ол әскери генералдармен болған кездесу барысында хабарлады. Осыған дейін Зимбабве әскері телеарна мен радионы өз қолдарына алып, мемлекеттік институттарды қоршауға алып, Президентті бақылауға алған болатын. Деректердің бірі оны тұтқындалды десе, енді бірі -үй қамағында отыр деген ақпарат таратты.
Кеше болған әскери билік өкілдерімен кездесуге Президент өзінің жеке резиденциясынан арнайы көлікпен келді. Зимбабве әскерінің соңғы күндері жасаған әрекеттерін әлемдік қауымдастық "мемлекеттік төңкеріс" деп бағалағанымен, олар мұның бәрі жемқор, қылмыскер шенеуніктерді жазалау үшін уақытша ұйымдастырылған шара деген пікірлерінен танбай отыр.
Бірақ елді 1980 жылдан бері 37 жыл бойы басқарып келген Президентті алмастыру туралы ой жергілікті халықтан бастап, барлық әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлердің ойында бар сияқты. Өйткені APF тілшісіне пікір берген әскери өкілдердің бірі: "Ол бүгін отставкаға кетпейтінін айтты. Меніңше, ол жай ғана уақыт ұтқысы келетін сияқты", -деді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау