Түркия үкіметі көптен бері Иран, Ирак, Сүрия және Түркия жеріндегі күрдтердің территориясын қамтыған дербес Күрдістан құруды мақсат еткен ПКК террорлық тобын барынша айыптаумен келеді. Түркия жақ Құрама Штатты ПКК-ны қолдап отыр деп бірнеше рет айыптаған болатын. Жақында Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Бельгиядағы кездесу кезінде АҚШ қорғаныс министрі Меттиске ПКК қолданған АҚШ-та өндірілген қаруларды көрсеткен. Бұл туралы сол елдің «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.
Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткізілген НАТО мүшелерінің қорғаныс өкілдері жиналысында Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің басшысы Шемдинилде болған террорлық оқиғадан кейін қолға түсірген ПКК қаруларының АҚШ-та өндірілгені туралы құжаттарды АҚШ Қорғаныс министрі Меттиске көрсеткен.
Осыған дейін Сүрия мен Ирактағы «ИМ» күштеріне қарсы күресу үшін АҚШ жақ осы елдердегі күрдтердің PYD/YPG ұйымына қару-жарақтар бергені туралы мәлім. Ал, Түркия жақ күрд қарулы топтарының бәрін де террорлық ұйымға жатқызуда. Бұл қайшылықтан екі ел арасында алауыздық пайда болғалы да көп болған.
Түркияның қорғаныс өкілдері: «PYD/YPG-ге берілген қарулардың, ПКК жасаған террорлық шабуылдарда табылуынан, бұл қару-жарақ көмегінің заңды деп айтуға болмайды», – деді. Түркия жақ бұл бас қосу кезінде терроризмге қарсы күрестегі шығындарды да жария етті және 11 ай ішінде 2300-ден астам террористі жойғандарын алға тартты.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес