АҚШ президенті барлау басқармаларында тарихи құпия құжаттарды жариялауға қол қойғаннан кейін, Орталық барлау басқармасы бірқатар құпия құжаттарды көпшілікке жария етті. Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео өткен аптада 18 мың документ, 79 мың аудио материал, 10 мың видео материал жариялағандарын мәлімдеді. Жария етілген материалдар арасында «әл-Каиданың» лидері Усама бен Ладеннің компьютерінде сақталған материалдар да бар. Бұл туралы BBC онлайн қызметі хабарлады.
2011 жылы Усама бен Ладен Пакістанның Аббодтабад жерінде арнайы қызметкерлер жағынан өлтірілді. Бұл ақпаратқа күмәнмен қарағандар да көптеп болды. Алайда, осыдан кейін бен Ладен әлем жұртшылығына көрінген емес. Сол кезде ақпарат көздері оған тәуелді деген компьютердің табылғанын хабарлаған еді. Бұл компьютердегі файлдар бөлек-бөлек жария етіліп келеді. Ал бұл жолы АҚШ Ұлттық мұрағат сайтына жария етілген материалдар бұрынғыларынан сәл басқаша. Айталық, бин Ладеннің күнделіктері, отбасымен түскен видеолары, ұлы Хамзаның үйлену тойында түсірілген видео кескіндер де бар. Тіпті, мультфильмдер мен YouTube-тен түсірілген роликтер де бар.
Бұл Усама бен Ладеннің материалдарын төртінші рет жариялануы. АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі жағынан жариялауға рұқсат етпеген бір бөлімі әлі де көпшілік үшін қолжетімді емес. Қазірге дейін Орталық барлау басқармасы бен Ладеннің компьютерінен 470 мың файлды тауып шыққан. Солардың бірі ұлы Хамзаның үйлену тойының видео таспалары. Оған талдау жасағанда Иранда түсірілген болуы мүмкін деген болжам жасалған. Осыған дейін Хамзаның тек бала кезіндегі видеолары ғана жарияланып келген.
Видео бір сағат шамасында. Онда Хамза сақал-мұртты бір топ адамның ортасында отырғанын көруге болады. Бұл кескінде бин Ладин түспеген. Алайда, Хамзаны күйеу балам деп атаған бір адамның «бұл қуаныш басқа маджахедтерге де таралып жатыр» деген сөздері бар. Оған қоса сөз арасында Хамзаның «әл-Каидаға» мұрагер болуы мүмкін екенін айтысады.
Соңғы кездерінде террорлық ұйым Хамзаның АҚШ-қа қаратқан қорқыту сөздері бар аудио материалдарды таратқан. Онда Сауд Арабиясының үкіметін құлату және Сүриядағы жиһадшыларды қолдау туралы айтылады. Дегенмен, АҚШ Орталық барлау басқармасы ұлттық қауіпсіздікке саятын құпия материалдар қатарында Хамза және оның әкесі туралы әлі де көп құжаттарды таратпай отыр.