Ресейде осы жексенбі күні өткен Владимир Путинге қарсы шеруге қатысқан 400 адам тұтқындалған. Олар қала көшелеріндегі наразылық шарасына Вячеслав Мальцевтың ғаламтордағы "Путиннің тираниясына қарсы революция" ұйымдастыру туралы радикалды үндеуінен кейін шыққан. OVD-Info мәліметінше, жалпы 412 адам (376 - Мәскеу, 13-Санкт-Петербург) қолға түскен. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Мәскеу полициясы 263 адамды құрықтағанын хабарлады. TASS ақпараттық агенттігінің дерегінше, шеру қатысушыларының қолында пышақтар мен резеңке оқ ататын тапаншалар болған. APF ақпараттық агенттігінің фотографы оқтан қорғайтын кеудешелер киген полиция қызметкерлері белсенділерді бірінен-соң бірін Кремльге жақын маңдағы алаңнан ұстап алып кеткен.
Жексенбі күні сондай-ақ "Үлкен театр" маңына бомба қойылғаны туралы ақпаратпен есте қалды. Бұл маңнан 10 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Дегенмен ақпараттың расталғаны жөнінде дерек жоқ.
Вячеслав Мальцев өзін "орыс ұлтшылы" деп атайтын қоғам белсендісі. Ол өткен жылы Парламентке сайлану үшін бәсекеге түскен. Осы жылдың басында Парижге қоныс аударды. Мәскеу Соты оны қоғамды экстремистік іс-әрекеттерге шақырғаны үшін айыптап, тұтқындау туралы бұйрық шығарды.
Оның басшылығымен құрылған «Артподготовка» ұйымына Ресейде әскери қимылдарды меңзейтін атауы үшін тыйым салынып, оның мүшелері 4-5 қарашада "жарылыс ұйымдастырмақ болған" деген күдікпен ұсталған болатын.
Ресей Президентіне қарсы атышулы шерулерді осыған дейін Алексей Навальный ұйымдастырып еді. 2018 жылғы Президент сайлауына үміткер тұлғаның шерулері де полицияның қатысуымен және бірнеше жүздеген адамдардың тұтқындалуымен аяқталған.