АҚШ-тың әуе күштері В-1 бомбылаушы ұшағы Жапония мен Оңтүстік Кореяның әуе-жойғыш құралдарының қатысуымен Корей жартытүбегі үстінен ұшып өтіп, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізген. Бұл Солтүстік Корея тарапынан қатаң сынға ұшырады. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды.
"Дональд Трамптың Жапонияға соңғы сапары мен одақтас елдер тарапынан жиі ұйымдастырылып жүрген әскери жаттығулар Солтүстік Кореяға қауіп төндірудің амалы". Осындай мәлімдемелер КХДР-дың мемлекеттік басылымдарында жарияланды. Онда: "Американың бұзақы империалистері Солтүстік Кореяның көзін жою үшін өздерінің ядролық қарулары мен қауіп төндіру операцияларынан бас тартар емес", - делінген.
АҚШ-тың үзіліссіз бомбылау ұшағы елдің әскери әуе құрылғыларының ішіндегі қуаттысы саналады. Капитан Кэндис Диллит мұндай қуатты қаруды әскери жаттығу кезінде қолдану соңғы болған жағдайларға жауап не Солтүстік Кореяға қарсы қауіп төндіру шарасы деп қабылдау дұрыс еместігін айтады. Ол Жапония және Оңтүстік Кореямен АҚШ арасындағы интеграциялық келісім аясында жаттығуға қатысатын қарулар тізімі әлдеқашан бекітіліп, жоспарға енгізіліп қойғанын жеткізді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр