Маңғыстау облысында туристерге жағдай жасап, туризмді дамыту мақсатында «Ата жолы» автожолын жаңарту жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы 97 шақырымды құрайтын жол 2011 жылы пайдалануға берілген.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше қабаттан тұратын автожолдың соңғы қабаты, яғни асфальттау жұмыстары биыл қолға алынып, оған 5 млрд теңге бөлініп отыр.

Ал 97 шақырым жолдың 51 шақырымын асфальттау 2019 жылы аяқталады деп жоспарланған.

«Ата жолы» автожолы өңірдегі туристік орындарға, яғни Шопан-Ата, Оғланды және Бекет-Ата зиратына апаратын жол. Сонымен қатар Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құруға бағытталған «Киелі мекен» арнайы жобасына кіреді.

“The Qazaq Times”