Грузия билігі Михаил Саакашвилиді елге экстрадициялауға байланысты Украина жауабын күтіп отыр - деп мәлімдеді Грузия Бас прокурорының орынбасары Георгий Гогадзе.
Гогадзенің сөзінше, Грузия Бас прокуратурасы осы уақытқа дейін Украинаның тиісті органдарына Михаил Саакашвилиді экстрадициялауға байланысты үш рет ресми хат жолдаған. Бірақ Украина тарапы оның ешқайсысына жауап бермеген.
Бұған дейін Украина бас прокуроры Юрий Луценко ел билігі не үшін Михаил Саакашвилиді Грузияға экстрадицияламай отырғандығын түсіндірген болатын. Оның сөзінше, Саакашвили Украина әділет министрлігіне азаматтық алуға байланысты құжаттарын тапсырып қойған. Ал халықаралық заң бойынша, азаматтық алуға өтініш білдірген адамды қандай да бір елге экстрадициялауға болмайды. Сол себепті Украина билігі Саакашвилиді Грузияға экстрадициялай алмай отыр. Бірақ Грузия тарапы Украинадан Михаил Саакашвилиді елге экстрадициялауды бұған дейін де сұраған. Алайда ол кезде Саакашвили Одесса облысының губернаторы болғандықтан Укарина оны Грузияға экстрадициялаудан бас тартқан болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі