Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ЕАЭО, Қазақстан және Ресей жайында мәлімдеме жасады.
Алмазбек Атамбаев қазан айының 27-сі күні Бішкекте Беларусь, Марокко, Грузия, Польша, Бельгия, Румыния, Кипр елдерінің елшілерін қабылдап, шетелдік қонақтарының алдында сөз сөйлеген. Ол онда Еуразиялық экономикалық одақты, Қазақстан мен Ресей басшылығын қатаң сынға алып, ел үкіметіне Қырғызстан өнімдерін сатудың ЕАЭО елдерінен бөлек бағыттарын іздеуді тапсырған.
Бұдан бөлек ол қырғыз оппозиция өкілдеріне Қазақстанға барып тұруға кеңес берген. Атамбаевтың ойынша, қазақ жері кең оған бәрі сыяды әрі азаматтық алуда қиын емес.