Ресей «Сатан-2» атты ядролық қаруын сынақтан өткізеді. Бұл ядролық қарудың қуаты АҚШ-тың Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония аралдарына тастаған екі атом бомбасынан 15 есеге қуатты. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі мәлімдеді.
Аталған ядролық қаруды алып ұшатын зымыранның салмағы 100 тоннадан асады. Бұл өзімен бірге 15 ядролық оқ тұмсықты алып жүруге қаблетті. Мәскеу жақ таратқан мәліметке қарағанда, ядролық сынақ биыл жыл соңына дейін аяқталады. Әрі бұл қарудың АҚШ қорғаныс жүйелерін де жоя алатынын алға тартуда.
Соңғы жылдары Ресей қарулы күштерге бөлінетін бюджетті арттырды және қаруларды жаппай жаңартуды қолға алып келеді. Ресейдің қорғаныс бюджеті 2006 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Ресейдің ядролық сынаққа дайындалуы АҚШ президенті Дональд Трамптың елдің ядролық арсеналын жаңартуына берген жауабы болып отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау