Қазақстандағы №405 авиациялық зауыты ресейлік тікұшақтарды құрастыруды жоспарлап отыр. Мұндай мәлімдемені "Вертолетов России" холдингінің баспасөз қызметі таратқан.
Ұйымның мәліметінше, тікұшақ құрастыру туралы меморандумға "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы мен "Вертолетов России" арасында қол қойылған.
Құжат Қазақстанда Mи-8AMT / Mи-171 тікұшақтарын құрастыруды және тікұшақ циклының жүйесін ұйымдастыру мүмкіндігін, сондай-ақ 2025 жылға дейін 45 тікұшақ жеткізуді қарастырады.
"Қазақстандық әріптестеріміз бізге 2017-2025 жылдар аралығында өз аумағында тікұшақтарды құрастыру өндірісін құру туралы бастамасын айтты. Бұл бойынша біз барлық мүмкіндіктерді қарастырдық", - дейді "Вертолеты России" холдингінің бас директоры Андрей Богинский.
Сондай-ақ, осы жылдың аяғына дейін тараптар алғашқы құрастырылған үш тікұшақты жеткізу туралы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр, ал келесі жылдың басында құрастырылған тікұшақтарды кезең-кезеңімен жеткізу келісімі жасалады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?