Алматыда MegaPark ойын-сауық сауда орталығында экстремалды спорт түрлерінен Energy Youth фестивалi өтті. Бұл Алматы қаласы жастар мәселелерiн басқару ұйымының қолдауымен өткізілді.
Фестивальге шамамен 700 адам жиналды, кѳрермендер экстремалды спорт түрлерi өкiлдерiнің әртүрлi қиын әрi қызықты трюктерін тамашалады. Барлық кәсiпқой қатысушылардың өнері жақсы бағаланды.
Шараны ұйымдастырушы “Funky Town” орталығының мәліметінше, мұндай фестиваль Алматы қаласында екiншi рет өтiп отыр. Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын және жастар мәдениетiнiң өкiлдерiн қолдау. Сондай-ақ, қаладағы спорт ѳкiлдерiнiң денгейiн бiлiп, оларды кәсiби деңгейге кѳтеру.
Фестивальде мынадай экстремалды спорт түрлерiнен жарыстар өткiзiлдi:
- BMX (кедергiлерден өтiп велосипедтi айдау);
- Skateboarding (скейтбордпен әртүрлi трюктердi көрсету);
- Workout (турниктерде, брусьяларда, дала алаңында әртүрлi трюктердi көрсету).


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?