АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама Америка билігіндегі қазіргі жағдайды сынға алып, жүргізіп отырған саясат «қоғамға зиян келтіреді» деп мәлімдеді.
"Біздің көріп отырғанымыз ешкімге ұнамайды... Саясат біздің беделімізді арттырудың орнына, қоғамға зиян келтіріп отыр", - деді Обама. Ол бұл туралы Вирджиния штатындағы губернаторлық сайлауда демократиялық кандидатты қолдауға арналған митингіде сөйлеген сөзінде айтты.
"Мен соңғы кезде билікке қарата ештеме айтқан емеспін. Алайда мен адамдарды алалау арқылы науқан өткізіп, кейін олардың басын біріктіріп, басқару қиын болатынын жақсы білемін", - деді АҚШ-тың 44 президенті.
Ол сөзінде АҚШ-тың қазіргі Президентінің атын атамағанмен, Вирджиниядағы губернатор жарысынан бастап мемлекет басшысын, оның иммиграциялық және КХДР-ға жүргізіп отырған саясатын сынға алды.
Айта кетейік, өткен аптада Трамптың қазіргі саясатын республикалық сенатор Джон Маккейн мен АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буш сынаған. Құрама Штаттың бұрынғы президенті Нью-Йорктегі Буш институтында сөйлеген сөзінде Трамптың атын атаған жоқ, алайда оның мигранттарға, босқындарға және еркін саудаға қарсы жасалып отырған іс-қимылдарын сөкті.
Ал Меккейн өз кезегінде АҚШ "жалған ұлтшылдыққа" араласып отырғанына ескерту жасады.