Филиппиннің жергілікті уақытымен 17 қазан 13:46 шамасында, ел президенті нөсерлі жауынға қарамастан ресми мәлімдеме жасап, Малави қаласының лаңкестерден азат болғанын хабарлады. Бұл туралы АҚШ-тың Sinovision Net ақпараттық сайты жазды.
Бес айға созылған қиянкескі шайқас арқылы Филиппиннің үкімет армиясы «Ислам мемлекеті» террорлық тобынан елдің оңтүстігіндегі Минданао аралына орналасқан Малави қаласын қайтарып алды.
16 қазан күні Шинейкде Филиппиннің қорғаныс министрі Лоренцо мәлімдеме жариялап, сол күні таңда үкімет армиясы Малави қаласын бес ай бойы қоршап алған лаңкестік ұйымның атамандары Исис Лоң Хапирон және Умар Мудді атып өлтіргенін айтқан. Әрі ДНҚ сараптамасы арқылы олардың мүрделері нақты анықталғанын алға тартты.
Полиция тарауларының ресми дерегіне қарағанда, Хапирон Азиядағы ең қауіпті деп танылған террористің бірі. Ол 2001 жылы бірнеше АҚШ азаматын барымталап, біреуін өлтірген. Осыдан кейін ол АҚШ жағынан террорист ретінде іздестіріліп, оны тұтқындағандарға 5 миллион АҚШ доллар көлемінде сыйақы берілетінін жариялаған.
Үкімет әскерлері тұтқындарды аман алып шығу үшін күш салған. Алайда, қақтығыстың қиянкескі болғаны себепті, тек тұтқындағы 16 әйелді құтқара алған. Құтқару кезінде 20-дан астам адам жараланған. Содырлардың қолынан аман шыққандар әскерилерге маңызды мәліметтерді жеткізіп берген.АҚШ пен Аустралия қарулы күштері де Филиппин қосындарына қолдау көрсеткені туралы мәлімет бар.
5 айға созылған қақтығыста Малави қаласының көптеген құрылыстары бүлінген. Бастапқы есепке қарағанда, қаланы қалпына келтіруге кемінде 100 миллион АҚШ доллары кетеді деп болжануда.
Биыл мамыр айынан бері қақтығыстан көз жұмған қарулылардың саны 1000-нан асқан. Олардың ішінде 822 адамы террорлық топ мүшелері болса, 162-сі үкімет армиясының сарбаздары мен полиция қызметкерлері. Жазықсыз бұқаралардан да бірнеше он адам қаза тапқан.
Әділет Ахметұлы