АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Дональд Трамптың Солтүстік Кореяға қатысты пікірі мен Американың сыртқы саясатындағы дипломатияның рөлі туралы ойын білдірді. Ол өзінің дипломатиялық әрекеттері бірінші бомба тасталғанша жалғаса беретінін хабарлады. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды.
Американың мемлекеттік хатшысы өз сөзінде Дональд Трамптың твиттер парақшасындағы дипломатиялық келіссөздерден пайда жоқтығы туралы жазбаларына қарамастан, ол соғыстың болғанын қаламайтынын жеткізді. "Президент дипломатияны жөн көретінін маған жеке хабарлады. Ол соғысты қаламайды", - деді ол.
Осыдан бұрын Рекс Тиллерсон Пиоңяңда байланыстары бар екенін, Солтүстік Корея мен АҚШ арасында келіссөздер басталуына қол жеткзетінін айтқан болатын. Мемлекеттік хатшы мәлімдемесінің артынша Дональд Трамп твиттер парақшасына: "Тиллерсон КХДР-мен келісемін деп, өзінің күшін босқа сарп етіп жүр", - деп жазып еді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес