АҚШ тағы демократиялық партияның елуден астам конгресмені жаңа сайланған Доналд Трамптың ант беру салтанатына байкот жариялады.

Бұны  bbc.com хабарлады.

Бұған дейін 20 қаңтарда өтетін инаугратция күніне 26 конгресмен байкот жариялағанын айтқан.

Көптеген америкалықтар үшін батыр саналатын Жон Люис Доналд Трампты заңды сайланған президент деп танымайтын айтып келеді.

Басқа конгресмендер де Жон Люистың пікірімен келіседі. Олар Трамптың билікке келуіне Ресей араласқан деген пікірде.

Бірақ Трамп twitter парқшасында “Бұлар жай сөздер,  ешқандай негізі жоқ сөздер” деп жазды.

Өткен аптада бірнеше белсенділер Трамп туралы ойын білдіріп, Уашингтонда мыңдаған шерушілер қарсылық акциясын өткізіп, жаңа сайланған Трамптың инауграциясын өткізбеуге ниеттеніп жатқандарын айтқан еді.

Шеруге шыққандар тағы бірнеше “сыйлық” даярлап қойғандарын айтты. Бірақ, олар Трамптың жақтастарымен қақтығысып қалу қорқынышын да жасырмады.

АҚШ-тың жаңа президентінің ант беру рәсімі өтетін күні Уашингтонда бірнеше акцияларды өткізуге рұқсат берілген. Бұл жолы Трамптың инауграциясына 800 мың адам қатысады деп күтілуде. Қауіпсіздікті сақтауға 15 мың арнайы жасақ тартылып отыр.

"The Qazaq Times"