Ұлыбритания саясаткерлері ақша үшін Кремль саясатын насихаттауда – деп жазды The Times газеті.
Басылым мәліметінше, Ұлыбритания саясаткерлері соңғы екі жылда ақша үшін ресейлік "RT" телеарнасының эфиріне жиі шығатын болған. Мақала авторының есептеуі бойынша, 2015 жылы Ұлыбритания министрлер кабинетінің мүшелері ресейлік телеарналардың эфиріне 26 рет шыққан. Ал Консерваторлар партиясының мүшелері Ресей арналарының эфиріне шығып қана қоймай, ол үшін 1000 фунт стерлинг қаламақы да алып отырған.
The Times газетінің ойынша, "RT" телеарнасы басшылығы эфирден көрсетіп жатқан материалдары сенімді болып көріну үшін шетелдік сарапшылардан жиі пікір алатын болған. Олардың бұл ойларын іске асыруға эфирге ақша үшін шығып жүрген ұлыбританиялық саясаткерлер көмектесуде.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?