АҚШ Қорғаныс министрі Жим Меттис мәлімдеме жасап: «Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақ бағдарламасын тоқтату үшін дипломатиялық және экономикалық қысым жасауға дайын», – деді. Ол ескерту жасай отырып, қарулы күштердің де келіссөздің сәтсіз аяқталуына жол бермеу үшін дайын тұрғанын атап өтті. Бұл туралы “WSJ” басылымы хабарлады.
Меттис сөзінде Корей түбегінде соғыс болған жағдайдағы барлық сұмдық оқиғаларды атап өтті. Сонымен бірге АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Біріккен Ұлттар Ұйымы дипломатия мен санкцияларда жетекшілік ететінін айтты.
Жим Меттис АҚШ қарулы күштерінің кезекті жиналысында дипломатиялық құралдар мен экономикалық санкциялар арқылы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтату кезек күттірмейтін іс екенін баса айтты. Бұл дүбірлі отырысқа одақтас елдердің байланыс офицерлері мен қорғаныс мердігерлері де қатысты.
Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптаның соңында Солтүстік Кореямен жасалатын келіссөздің әлдеқашан сәтсіздікке ұшырағанын, ал АҚШ армиясының «дауыл алдындағы тыныштық» күйінде тұрғанын айтқан еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі