Стокгольмдегі Швециялық ғылым академиясы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреатының атын атады. Экономика саласы бойынша 49-шы Нобель премиясы экономист Ричард Талерге берілген.
Ричард Талер 1945 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген, Чикаго университеті жанындағы Booth бизнес мектебінің мінез-құлық ғылымы мен экономика профессоры. Талер Дэниел Кахманмен (2002 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты) бірге жұмыс істеген.
2016 жылы экономикадағы Нобель сыйлығы Олиер Харт пен Бенгт Хольмстремге берілсе, 2015 жылы англо-америкалық Энгус Дитон "тұтыну, кедейлік, әл-ауқат анализі" бойынша аталған сыйлықтың иегері болған.
Айта кетейік, бұған дейін бірнеше сала бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталған. Мысалы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық кампания (ICAN) алса, әдебиет бойынша тегі жапон болғанымен, Ұлыбритания азаматы Казуо Ишигуро, химия саласы бойынша швейцариялық Жэк Дубочет, АҚШ-тың зерттеушісі Иохим Фрэнк пен Ұлыбританияның тумасы Ричард Хендерсон алды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?