Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанада өткен Сүрия келіссөзі бойынша шешімдер Идлиб қаласында атқарыла бастағанын айтты. Бұл туралы сол елдің «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.
Ердоған Әділет және даму партиясының 26-шы кезекті ақылдасу отырысы кезінде сөйлеген сөзінде Халлебтегі тұрғындардың баррел бомбалары арқылы жасалған шабуылдан бой тасалап, Идлибке қашуға мәжбүр болғаны туралы айта келіп, қазіргі Идлибтегі күрделі мәселелер туралы тоқталып өтті. Сонымен бірге Ердоған сөзінде Түркияның Сүриядағы саясаты Ресей мен Иран жағында екенін баса айтты.
Түрік елінің президенті сөзінде: «Ресейдің сырттай қолдауымен, Түркия өңірдегі Еркін Сүрия армиясымен бірге әрекеттер жасауда. Сол арқылы аталған аймақта Астана келісімінің шешімдері атқарыла бастады», - деді. Ол сөзінің соңында Африннен Жер Орта теңізіне жалғасатын террорлардың жолын Түркия билігі қатаң түрде тосатынын мәлімдеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес