Моңғолияның экс-қорғаныс министрі тұтқындалды, деп хабарлайды ARD ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Моңғолияның бұрынғы қорғаныс министрі Мишигийн Содномпил «аса ірі көлемде пара алды» деген айыппен қамауға алынған. Айыптаушы тараптың сөзінше, Содномпил 2013 жылы Монғолия аумағында қуаттылығы 348 МВт болатын «Амгалан» жылу станциясын салуға байланысты өткізілген тендерді қытайлық компанияға алып беру үшін ірі көлемде пара алған. Моңғолия жемқорлыққа қарсы қызметінің таратқан ақпараты бойынша, қытайлық компания тендерді Мишигийн Содномпилдің көмегімен ұтып алған.
Мишигийн Содномпил 1965 жылы Моңғолияның Тэс Увс аймағында дүниеге келген. Ол 2004 жылы парламент депутаты, 2006 жылы қорғаныс министрі, 2013 жылы энергетика министрі қызметтерін атқарған. Содномпил дәл осы энергетика министрі болып тұрған кезінде қытайлық компаниядан пара алған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?