Соңғы кездері Египеттің Солтүстік Кореядан қару сатып алғаны туралы деректер мен елдегі адам құқықтарының жиі бұзылуы жөніндегі ақпараттар АҚШ әріптестік қолдауын жалғастырып келеді. Өткен жексенбіде Washington Post басылымы Египеттің кәсіпкерлері Солтүстік Кореядан 30 мыңға жуық зымыран жарылғыштар сатып алғанын жазды. БҰҰ бұл әрекетті КХДР-ға қарсы салынған санкцияларға қарамастан жасалған ең үлкен сауда келісімі екенін айтып, дабыл қақты.
БҰҰ-ның мәліметінше, кәсіпкерлер тасымалдаған зымыран жарылғыштар Египет әскерінің қажеттілігін өтеу үшін алынған. Египеттің АҚШ-тағы елшісі БҰҰ-ға контрабандистерді тауып, құрықтау ісіне көмектесуге дайын екендігін жеткізді.
Washington Post басылымы "Дональд Трамп әкімшілігінің тамыз айында Египетке бағытталған құны 300 млн доллар болатын әскери көмекті беруден бас тартуы оның АҚШ-тың басты жауы Солтүстік Кореямен жасырын байланысынан болды" деп жазды.
Сондай-ақ Египеттегі сөз бостандығына қойылған қатаң шектеулер мен азаматтық қоғамдық бірлестіктер құру еркіндігінің жоқтығы адам құқықтарын бұзып отырғаны туралы Human Rights Watch ұйымы тоқтаусыз айтып келсе де, Америка әдеттегі әрекетіне баспай, Египетке қарсы жазалау шарасын қолданған жоқ. Калифорния университетінің Таяу шығыс тарихы бойынша профессоры Джеймс Гельвин АҚШ өзі қолдағысы келген елдің барлық қателіктеріне көз жұмып қарайтынын айтады.
АҚШ 1979-2017 жылдары аралығында жыл сайын Египетке 1,6 млрд доллар көмек беріп келген. Сондай-ақ Египет Ауғанстан мен Израильден кейінгі Америкадан қару-жарақ пен әскери көмек алатын үшінші мемлекет. Сарапшылар Египеттің тамыз айында 10 млн доллар болатын әскери көмектен қағылуы әлемге көрсете жасалған "жасандылық" деп есептейді.
АҚШ қандай пайда көреді?
Таяу шығыс мәселесі бойынша сарапшы Роберт Спринборг АҚШ-тың Египетке беріп отырған көмегі, оның Израильге қарсы соғысын тоқтатуға мүмкіндік беретінін айтады. Сондай-ақ, Египеттің әуе кеңістігіне еркін кіруге рұқсат алған АҚШ Суэц каналындағы әскери қуатын арттыра алады. 1,3 млн америкалық қару-жарақ шығаратын қорғаныс компанияларының өндіріс алаңдарында жұмыс істейді. Бұл АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейін біршама төмендетеді.
АҚШ пен Египет арасында екіжақты келісімдер де бар. Мәселен, Египеттегі декмократиялық құндылықтардың дамуына көмектесуі үшін, жергілікті билік америкалық қоғамдық бірлестіктердің жұмысына араласпайды.
Джеймс Гельвин "әскери көмек" деген атаумен әлемнің қару-жарақ өндіруден алғашқы бестігіне кіретін АҚШ "өзінің әскери техникасын Египетке саудалап отырғанын айтады. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Америка үшін Египеттегі тұрақтылық маңызды. Өйткені бұл өңірдің бейбітшілігі АҚШ экономикасына ақша түсіретін Таяу шығыс елдерінің экономикасының қалыпты болуына алып келеді.