Осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляция деңгейі жоспарланған көрсеткіштен аспайды және шамамен 6,9-7,5%-ды құрайды. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Үкімет отырысында осылай мәлімдеді.
"Біздің болжамымыз бойынша инфляция дәлізі 2017 жылы 6,9-7,5% деңгейінде болады", - деді Сүлейменов.
Оның сөзінше, осы жылдың басынан бері инфляциялық процестер біраз бәсеңдеген. Қыркүйек айындағы инфляция көрсеткіші 0,3%, жыл басынан бері 4,2%-ды құраған.
Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, осы жылдың 4-ші тоқсанында, яғни мерекелік күндер есебі бойынша және жемістер мен көкөністер, ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуінен инфляция деңгейі жоғарылайды.
"Азық-түлік бағалары жоғарылайды, қазан айында 0,7-0,9%, қарашада 1-1,1%, желтоқсанда – 0,9-0,11% болады", - деді министр.
Оның айтуынша, Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы қайта жөндеу жұмыстарына байланысты бензин бағасы қымбаттап және ол басқа да тауарлар мен қызметтер құнының ұлғаюына әсер етуі мүмкін.