Шығыс Қазақстанда күннен энергия алынбақ. Оның құрылыс барысын облыс басшысы Даниал Ахметов пен испандық «ARESOL» компаниясының басқару директоры Диего Луазес талқылады, деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қуат көзі 30 МВт құрайтын күн электрстанциясының құрылысын келер жылы наурыз айында Жаңғызтөбе кентінде бастау жоспарланып отыр. Диего Луазестің сөзінше, Шығыс Қазақстан күннен жылу алуға қолайлы өңір болғандықтан таңдалған, сонымен қатар «ШҚ АЭК» желілерінің өткізу қабілеті де ескерілген.
"Жобаның құны 43 миллион доллар шамасында. Қазіргі таңда инвестиция құю жағын қарастырып жатырмыз. Бұл ретте іске бірінші кезекте «ARESOL» компаниясы кіріседі", – деді кәсіпкер.
Әкімдіктің мәліметінше, жоба электр көзін дәстүрлі түрде емес, оның балама көзін қолдану арқылы алуға мүмкіндік береді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы