Бір күн бұрын, кейбір елдердің ақпарат агенттіктері Теннеси штатында АҚШ-тың әскери-теңіз флотының бір жаттығу ұшағы апатқа ұшыраған деген хабар таратты. АҚШ Теңіз-әуе күштерінің мәліметінде бұл оқиға әлі де тексерілу үстінде екені айтылған. Дегенмен, Қытай ақпарат құралдарының хабарында аталған жаттығу ұшағы шабуылға ұшыраған болуы мүмкін делінген.
«Шинхуа» агенттінің сайтында жазылуынша, оқиға туралы АҚШ теңіз флоты Меридианның Миссисипидегі әскери дайындық базасында мәлімет алып таратқан. Онда бір ұшақ АҚШ жергілікті уақытымен жексенбі күні кеште бір жаттығу ұшағының "Черноки" ұлттық орманына құлағаны туралы айтылған.
Әскери-теңіз авиациясының оқу базасының Қоғамдық бөлімінің мәлімдемесінде, Әскери-теңіз авиациясының бірінші әскери дайындық бөліміне тиесілі T-45 жаттығу ұшағы екенін растады. Сонымен беріге ұшақта екі ұшқыштың болғанын да мәлімдеген. Оның бірі жаттығу үстіндегі ұшқыш, ал енді бірі әскери жаттықтырушы.
АҚШ әскери теңіз-авиация күштері ұшақтың құлау себебін ашып айтпаған. Алайда, шетелдік кейбір ақпарат құралдары жаттығу ұшағының шабуылға ұшыраған болуы мүмкін деп қарайды. Әрі бұған хакерлік немесе дрон арқылы шабуылдаудың мүмкіндігі жоғары екенін алға тартуда. Естеріңізге сала кетейік, жаз айларында Тынық мұхитында мұнай тасушы кемелермен соқтығысып қалған америкалық соғыс кемелерінің оқиғасына желілік шабуылдар себеп болды деген мәліметтер таратылған еді.