АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон АҚШ пен КХДР арасында арнаулы келіссөз арналарының бар екенін, алайда Солтүстік Кореяның келіссөзге ынталы болмай отырғанын жеткізді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Тиллерсонның пікірінше, Солтүстік Корея тікелей сұхбат арналарын пайдалануға ниет танытпай отыр. Қазіргі күнде АҚШ жақтың жолдаған сигналдарын КХДР ресми түрде қабылдамаған. Тиллерсон сөзінде: «Құрама Штат ядролық сынақтар мен зымыран сынақтары мәселесі бойынша, Солтүстік Кореямен тікелей байланысқа ие болды. Яғни, Америка мен Солтүстік Корея арасындағы тікелей диалог арнасы бар. Бір емес екі үш арна бар. АҚШ тарабы болса осы арналарды пайдалана отырып, Солтүстік Кореямен тікелей келіссөз жүргізуге бекініп келіп отыр», – деді.
Бірақ, Тиллесон диалогқа қатысатын адамдардың лауазымы мен деңгейі туралы, диалог жилігі туралы ешқандай мәлімет бермеген. АҚШ-тың диалог жүргізудегі мақсаты қарапайым, яғни алғашқы қадамда Солтүстік Кореяның ресми келіссөзге дайын әлде дайын емес екенін білу. АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарына қарғанда КХДР келіссөзге дайын, алайда олардың бұл келіссөз диалогын өткізуге ниеті жоқ.