Шетелдік БАҚ-тың бүгінгі хабарына қарағанда, Швеция НАТО мүшелерінің қолдауымен ел тарихында 20 жылдан бері болып көрмеген әскери жаттығу өткізген. Бұл қадам Ресейге қаратқан әскери әрекет арқылы берген жауап деп қарауға болады. Себебі, жақында ғана Ресей жақ «Батыс-2017» ірі әскери оқу-жаттығу өткізіп, бір қатар Батыс елдерін үрейлендірген еді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Швеция жақ осы айда өтетін «Аврора 17» әскери жаттығулары 20 мыңнан астам әскерлі жұмылдырғалы отыр. Мұншалық зор көлемдегі әскери оқу-жаттығу Швециясы 23 жылдан бері болып көрмеген. 20 мыңнан астам жауынгердің 19 мыңын Швеция дайындаса, АҚШ-тың 1435 әскері мен Францияның 120 жауынгері жаттығуға қатыстырылды. Бұдан өзге Дания, Финляндия, Норвегия, Литва және Эстониядан келген әскерлер де бар.
11 қыркүйектен басталған әскери қимыл, 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Негізінен шығыс Стокгольмде, Гетеборг батыс жағалауында және Балтық теңізіндегі Готланд аралдары маңында өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 14-20 қыркүйек арасында, Ресей қарулы күштері Беларусь армиясымен бірлесе отырып, «Батыс-2017» әскери жаттығуын өткізді. Ресей жақ 13 мың жауынгер қатысты деп көрсеткен жаттығуға, Батыс жұрты тіксіне қарады. НАТО қолдауымен өтіп жатқан Швецияның «Аврора 2017» жаттығуы Ресейдің сол әскери әрекетіне берген батыс елдерінің жауабы деуге болады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер