Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэй "Brexit" жобасы жүзеге асқаннан кейін, екі жыл бойы Еуроодақ пен Лондон арасындағы сауда байланыстары одаққа мүше кездегі талаптар бойынша жүргізілгенін қалайды. Бұл туралы BBC ақпараттық қызметі жазды.
Премьер-министрдің Италияда өткен жиын барысында айтқан ұсынысы тығырыққа тірелген Brexit талқылауларына жаңа серпін береді деген үміт бар. Тереза Мэй екі жыл уақыт аралығында Ұлыбритания Еуроодаққа одақтас мемлекеттермен қатар жарна төлейтінін және өзге Еуропа елдерінің мигранттары арнайы тіркелу арқылы Ұлыбританиядағы өмірін жалғастыра беретінін хабарлады.
Еуроодақтың басты келіссөз жүргізуші тұлғасы Мишель Барнье Тереза Мэйдің ұсынысын "конструктивті, жинақы ой" деп бағалап, Ұлыбритания Премьерінің алға жылжуға деген құлшынысын жылы қабылдады.
Тереза Мэй, сондай-ақ, Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін де тығыз достық байланыстар мен сауда әріптестігі жалғаса беретініне сенім білдіріп, ол үшін жаңа келісім дайындауды ұсынды. Премьер ханым 2019 жылдың наурызында Brexit іс жүзінде орындалғаннан кейін, Ұлыбританияның екі жыл бойы төлеуге тиісті қаржысын нақты атамағанымен, BBC Лондонның берешегін 20 млрд еуроға бағалайды.
Тереза Мэй аталған екі жыл ішінде барлық сауда айналымының осыған дейінгі шарттар негізінде қосымша тарифтерсіз жүргенін қалайды және кеден қауіпсіздігі сияқты мәселелерде Ұлыбритания шешім қабылдау ісіне араласуын жалғастырғанын орынды көреді. "Бірақ бұл уақыт екі жылдан артық ұзартылмауы керек. Өйткені британдықтар да, өзге еуропалықтар да Ұлыбританияның Еуроодақта онан әрі қалғанын қаламайды", - Тереза Мэй.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі