Ресей мен Беларусьтің бірлескен «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары кезінде Ка-52 тік ұшағы көрермендерге қарата оқ жаудырды – деп хабарлайды Live news ақпарат көзі.
Санкт-Петербург қаласы маңындағы Лужский сынақ алаңында өтіп жатқан Ресей және Беларусь әскерлерінің бірлескен «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары кезінде Ка-52 тік ұшағы абайсызда көрермендерге қарата оқ жаудырған. Салдарынан екі көрермен зардап шеккен. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, түрлі дене жарақаттарын алған екі адам журналистер болуы мүмкін.
Көрермендерге оқ жаударған ресейлік Ка-52 «Аллигатор» барлау-жойғыш тік ұшағы - әуе нысандары мен брондалған әскери техникалардың көзін жоюға арналған Ресей қарулы күштерінің арсеналындағы соңғы үлгідегі тік ұшақтардың бірі. «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары қыркүйек айының 14-і күні басталған. Оған екі елден 12,7 мың сарбаз қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, кеше дәл осы «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында Ресей қарулы күштері Капустин Яр сынақ алаңынан Қазақстанның Мақат полигнына қарата «Ескендір-М» зымыранын атқан болатын.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?