Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың әскери ықпалы бүкіл дүние жүзіне кеңейді. АҚШ ел ішіндегі және сыртындағы әскери базаларды қосқанда жалпы саны 5 мыңнан астам әскери базаларды салды. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, халықаралық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, АҚШ өзінің әскери стратегиялық жоспарларына түбегейлі өзгерістер енгізді. Елдегі оппозициялық күштердің қарсылығына байланысты елдің шетелдегі әскери базаларының саны айтарлықтай қысқарды. Қазіргі уақытта 140-тан астам ел мен аймақта АҚШ-тың 374 әскери үлкен базасы бар. 300 мың адамға дайындалған. Ал, АҚШ-тың өз ішінде 871 әскери база бар болып, оның 242 теңіз армиясына арналған, ал әуе армиясының әскери базалары - 384.
Америка Құрама Штаттарында әскери базаларын құруда географиялық орналасу, табиғи жағдайларды, объектілерді және саяси жағдайларды өзге де аспектілерді толықтай ескерілген деуге болады. Негізгі ерекшеліктері ретінде әскери базалардың байланысы, қатынас-тасымалы толықтай ескерілген. Ел ішіндегі базаларының қуаты басым болып келеді.
Қазіргі кезде мемлекеттің теңіз әскери базаларының стратегиялық салмағы басым деуге болады. Теңізде орналасқан әскери базаларын айтар болсақ, Аляска шығанағында, Солтүстік Кореяға жақын теңіз алабында, Индонезия батыс бұғазы, Сунда бұғазы, Малакка теңіз айлағы, Оңтүстік-шығыс Мэнд бұғазы (Қызыл теңіз), Солтүстік Суэц каналы, Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты арасындағы Гибралтар бұғазы, Парсы шығанағына кіретін Ормуз бұғазы, Флорида штатының солтүстігіндегі су айдыны, Африканың оңтүстік шетінен тартып Солтүстік Америкаға ұласатын су жолында, Гренландия – Исландия – Ұлыбритания су жолдары қатарлы жерлерге орналасқан.
Стратегиялық тұрғыдан алып қарағанда, АҚШ-тың шетелдегі әскери базалары үлкен жақтан 3 негізгі стратегиялық аймаққа, 14 негізгі аймаққа бөлінеді. Үш стратегиялық аймақ:
- Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка;
- Азия, Тынық мұхит пен Үнді мұхиттары;
- Оңтүстік-Солтүстік Америка.
АҚШ-тың Орта Азиядағы әскери базалары
Бұл аймақ Құрама Штат үшін өзге аймақтардан көрі стратегиялық маңызды басымдық берілмеген. Тұтас Орталық-Азия өңірінде АҚШ әскерінің саны 6 мың адам шамасында делінген. Аталған аймақ Еуразияның ішкі құрлығына кіреді. Ресеймен Орта-Таяу Шығысты жалғастырады. Қытай мен Батыстың арасында жатыр. Ресей мен Қытай территориясына көбірек жақын болғандықтан да, бұл өңірде АҚШ-тың әскери әрекеттері салыстырмалы түрде көп емес. Ауғанстан соғысынан кейін ғана АҚШ Орта Азияға тұрақты әскер орналастыратын болды. Қазіргі кезде Ауғанстанға көршілес жатқан 9 елде 13 әскери база құрды. Оның ішінде 4 әскери базасы Орта Азияның өзінде орналастырылған.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қырғызстан Манас әскери базасынан бас тартып, АҚШ әскерлерін аттандырып салды. Қырғызстанда 3000 әскер орналастыруға болатын әскери база салынған және елдің орталық қаласына жақын болды. Стратегиялық бомбалаушы ұшақтар мен жауынгерлік ұшақтарды орналастыруға мүмкіндігі болған.
2000 жылдардан бері қарай АҚШ Қазақстанда да өзінің әуе базасын ашуға тырысып келген. Алайда, 2009 жылы көп таласты бұл тақырыпқа нүкте қойылып, елімізде АҚШ-тың әскери базасы салынбайтын болған. Бұған толықтай Ресейдің ықпалының болғаны анық жағдай. Бізден гөрі АҚШ әскери күштері Тәжікстан мен Өзбекстанда көбірек белсенділік танытып келеді.
Жалпы АҚШ-тың шетелдерде 102 құрлық армия базасы, 32 теңіз армия базасы, 9 теңіз армиясының құрлықтық қосынына арналған базасы, 50 әуе армиясы базасы бар, бұларға жыл сайын бөлінетін әскери бюджеттен 40 пайыздан көп қаржы бөлінеді.