Дайр-әз-зур оқиғаларынан кейін Сүриядағы АҚШ күштері Ресеймен ынтымақтастық жасасу ниетіне келді. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 18 қыркүйек күнгі хабарына сенсек, АҚШ-тағы штабтар комитетінің төрағасы Дэн Фюд «Пентагон қосымша қадамдар жасап, Сүрия әуе кеңістігіндегі әскери операциялар кезінде Ресей армиясымен ынтымақтастық жасауға ниетті» деп мәлімдеген. Бұл туралы «Шинлаң»-ның ресми сайты жазды.
АҚШ бастамашы болған «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы халықаралық коалиция 16 қыркүйек күні жасаған хабарламасында, Ресей жақтың араб пен күрдтерден құрам тапқан «Сүрия демократиялық күштерімен» күресуге дайындалып жатқанын айтты. Алайда, Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте, Ресей әскер-әуе күштері қолбасшылығы Дайр-әз-Зурда әскери операциясының ауқымы турасында алдын ала АҚШ күштеріне серіктестеріне айтты.
Дэн Фюдтің айтуынша, Пентагон қосымша қадамдарға дайындалып жатыр. Аталған аймақтағы әуе операцияларынан кейін Ресей және АҚШ әскери күштерінің ынтымақтастық орнатуынан сондағы бас қолбасшыға тікелей тапсырма беріледі екен. Ол тағы сөзінде «АҚШ қолдау танытып келе жатқан кейбір оппозиция күштерін Ресей ӘӘК-і Евфрат өзенінің шығыс жағалауында бомбылаған. АҚШ пен Ресей арасындағы қақтығысты жою үшін шаралар жасалуы тиіс» деді.
Дэн Фюдтің мәліметіне қарағанда өткен аптаның соңғы күндері ол Кремль лауазымды тұлғаның бірімен телефон арқылы хабарласып, екі елдің әскери офицерлері байланыс арнасын орнату ниетін білдіріскен. Әрі Сүрия ісінде бірлесе отырып, ең басты террорлық топтарды талқандау керек деп тапқан. Бұл Сүрия мәселесіндегі оңды өзгеріс деп бағалауға және Сүрия қайшылығының шешім табуынан үміт бар дегенді көрсетеді.