Президенттерінің өмірі туралы шүйліге зерттеуге құмар келетін, АҚШ журналистері, бүгін Трамп туралы тағы бір «солақай» мәліметтер таратты. Жаңа мәлімет бойынша Трамп 150 жылдан бергі АҚШ президенттеріне ортақ болған «қалыпты» бұзған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Ол АҚШ тарихындағы ең бай президент. Бірақ, оның әскери-стратегиялық және саяси тәжірибесі жоқ. Ол және 1988 жылдан бері сайлауда жеңіске жетіп, жалпыға бірдей сайлау құқығына ие болмаған екі президенттің бірі. Ең қызықтысы ол 150 жылдан бері Құрама Штатқа президент болғандар арасындағы үй жануарын асырамайтын бірден бір президент екен.
Ұлыбританияның «The Economist» басылымының хабарына қарағанда, Трамптан бұрынғы үй жануарлары жоқ президент Эндрю Жонсон (Andrew Jonhson) болған екен. Ол осыдан 150 жыл бұрын Ақ үйдің тағына отырыпты. 1869 жылы президент тағынан кеткен. Ол сондай-ақ, Конгреске қарсы импичмент қойған Құрама Штаттарының тарихындағы ең танымал президенттердің бірі (Енді бірі Билл Клинтон).
Америка Құрама Штаттарының «Президент жануарлары мұражайы» (Presidential Pet Museum) берген мәліметтері бойынша, АҚШ президенттері асыраған жануарлар саны 300-ден асады. Оның арасында ит, жылқы, үй және түз құстары көбірек кездеседі. Ал, тым сирек аю, жолбарыс, крокодил және қасқыр асыраған президенттері де бар болып шықты. Үй жануарларын көп асыраған АҚШ президенттері қатарында тұңғыш президенттері Уашингтон мен президент Рузвельт көш бастайды.
«Америкалықтардың үкіметтері туралы басты алаңдайтыны іс басқару жүйесі мен «Ресейшіл» үкіметтің орнауы деуге болады. Бұл жағында Трамп АҚШ тарихындағы ең көп дауға қалған президент деуге болады деп жазды Ұлыбританияның «The Economist» басылымы.