Шешенстан президенті Рамзан Кадыров Ресей аумағында Мьянма мұсылмандарын қолдап шеру өткізудің қажеті жоқ деп мәлімдеді.
Бұл жайында Рамзан Кадыров өзінің Instagram парақшасына: «Ресейдің әр түкпірінде жаңадан шеру ұйымдастыру керектігі соңы уақытта жиі айтылып жатыр. Не үшін? Егерде бұл рохинджа халқын қолдау болатын болса, онда оған шеру өткізудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Бұл жайында қазір бүкіл әлем айтып отыр. Оның үстіне Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымы рохинджа мұсылмандарына байланысты тиісті қарар қабылдады. Қазіргі таңда рохинджа халқына шеру емес, гуманитарлық көмек қажет» - деп жазған.
Естеріңізге салайық, қыркүйектің 4-і күні Грозный, Мәскеу, Махачкала қалаларында Мьянма мұсылмандарын қолдап, шеру өткен болатын. Шеруден кейін Рамзан Кадыров Грозныйда шеруге бір миллионнан астам адам қатысқандығын айтып, Ресей билігі Мьянмаға байланысты қандайда бір ресми мәлімдеме жасау керектігін талап еткен еді. Бірақ араға бір апта салып Кадыров Ресей аумағында қандайда бір шеру өткізудің түк пайдасы жоқтығын айтуда.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?