Кариб теңізі аралдарына шығын әкелген "Ирма" дауылы Кубаға жетті. Қауіпті бесінші деңгейдегі дауыл Кубаның солтүстік-шығыс жағалауындағы Камагуэй архипелагында тіркелді. Бұл туралы ВВС ақпарттық агенттігі жазды.
Ирманың ауыр зардабын тартқан өңірлердің бірі қазірше Багам аралдары болып отыр. Cонымен қатар АҚШ-тың Флорида штатында 20 адам табиғат құбылысының құрбаны болып, 5,6 млн адамға дауыл қаупі ескертілді.
Сенбі күні таңғы 03:00 шамасында жағалаудағы балық шаруашылығына маманданған қалалардың бірінде басталған дауылдың "орталығы" 190 км құрап, желдің күші 257 км/сағ жеткен. Жергілікті халықтың басым көпшілігі электр жарығынсыз қалып, байланыс қиындады.
Кубаны демалыс аймағы ретінде ерешке бағалайтын 50 мыңға жуық турист дауыл қатерінен сақтанып, елден кетіп қалған. Қазір жағалаулар бос тұр.