Оңтүстік Қазақстан облысында келесі жылы 30 шағын су қоймасының құрылысы басталады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Оспановтың айтуынша, өңірдегі су тасқынына қарсы инженерлік 98 іс-шара атқарылып, су жинақтау көлемі 342,75 млн шаршы метрді құрайтын 30 шағын су қоймасы айқындалған. Нәтижесінде 12 нысан бойынша жобалау сметалық құжаттама әзірленген. Биыл жергілікті бюджеттен 2 нысанға 174, 2 млн теңге бөлінсе, қалған 10 нысанға 960,98 млн теңге қарастырылған.
Алайда республикалық жол картасын бекіту кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 29 нысан енгізілмей қалған. Осы қалған 29 нысан бойынша облыстық деңгейде арнайы іс-шаралар кешені әзірленіп, облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінген. Жалпы құны шамамен 6,3 млрд теңге болатын 30 шағын су қоймасының құрылысы енді екі кезең бойынша жүзеге асатын болады. Бірінші кезеңде жалпы құны 3,8 млрд теңге болатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстанның көпшілік аймақтарында су қоймаларының сапасы сын көтемейді. Оны көктем шыға сала лай батпаққа батып, су тасқынынан зардап шегіп отырған түрлі өңірлерден-ақ байқауға болады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі