3 тамыз күні Мәскеуде тұратын мұсылмандар Ресейдегі Мьянма елшілігінің алдына жиналып, ондадағы мұсылмандарға жасалып жатқан зорлық-зомбылыққа наразылық білдірді.
Тамыздың 25-інен бүгінге дейін Мьянма әскерінің Ракхайн облысындағы Рохинджа мұсылмандарына қарсы басып-жаныштау және зорлық-зомбылық шабуылдарының салдарынан неше жүздеген адам қаза болғаны белгілі. Осы оқиғаға байланысты наразылық шеруіне қатысушылар Рохинджа мұсылмандарына қолдау көрсету үшін ұрандар айтып, Мьянма үкіметінен мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекеттерді тоқтатуды сұрады.
Сонымен қатар Дағыстан Республикасының бірнеше қаласында Рохинджа мұсылмандарына қолдау көрсету мақсатында шерулер ұйымдастырылып, шеруге қатысушылар мұсылмандарға тілектестік білдірді.