Осыған дейін Астанада болған Сүрия бейбітшілік келіссөзінің алтыншы кезеңі қыркүйектің 14-15-і күндері қайта өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Бұдан бұрын Сүрия бейбітшілік келіссөзінің төртінші, бесінші кезеңдері де Астанада өткен болатын. Кездесуде Қазақстан Сүрия мәселесінің әскери жолмен шешілмейтінін, бұны тек келісімге келу арқылы шешуге болатынын жария етіп, әлемді бірлікке шақырған еді.
Министрліктің хабарлауынша, бұл жолы Сүрияның бейбітшілігіне байланысты Астана келіссөзінде Сүрияның Идлиб, Хомс облыстары мен Риф Дамаск облысының Шығыс Ғуте аймақтарын шиеленіс азайған аймақ етіп бекіту туралы сұхбат болады деп белгіленген.
Осылайша Астана келіссөзге қатысушы елдермен ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимін бірлесе күшейтіп, сүрия мәселесіндегі тараптар арасында өзара сенім орнатуға, жанжалды бейбіт жолмен шешуге бел байлап отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?