2019 жылға қарай Canon компаниясы Жапонияда фотоаппараттар жасауды қайта жандандыру үшін жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр, деп жазды RNS.
Nikkei басылымының мәліметінше, адамдарды еңбекпен қамту қымбатқа түсетіндіктен, компания Жапонияда салынатын өндіріс орнын автоматтандыруға көшпек. Ал автоматтандырудың артықшылығы - өндірісті қол жетімді және арзан етеді.
Сондай-ақ, Canon бірқатар ықшамды сандық фотоаппараттар шығаратын өндіріс орнын жаңа зауытқа көшіруі мүмкін. Осы жылдың қыркүйек айында зауыт салу үшін 300 мың шаршы метр жер телімін сатып алу жоспарланып қойғаан. Жобаның жалпы құны 20 миллиард иенді (шамамен 181 миллион доллар) құрайды.
2016 жылы Canon өнімдерінің 56% Жапониядағы зауыттарда өндірілген және компания бұл көрсеткішті 60% -ға дейін арттыруды көздеп отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы