АҚШ билігі Ливанға қарсы жаңа санкция жобасына халыққа және ел экономикасына әсерін азайту үшін өзгерістер енгізді. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.
Financial Times мамыр айында АҚШ әкімшілігінің Ливанның басшылығына әсер етіп отырған «Хезболла» шиит тобы мен оның жақтастарына қарсы жаңа санкцияларды қарастырып жатқанын хабарлаған.
Енді жаңа санкция Ливанның шиит халқына емес, нақты адамдарға ғана әсер ететін болады. Оның үстіне санкция тізімінен «Амаль» шиит тобы шығарылған.
Алайда бұл нұсқаның нақты екені әзірге белгісіз. Себебі Конгресс санкцияға қатысты заң жобасын күзде қарайтын болады. Сондай-ақ, бұл жобаға қатысты АҚШ Президенті Дональд Трамптың да көзқарасы қандай екені белгісіз күйде қалып отыр.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі