Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулдан ДАИШ күштерін ығыстырып тастағаннан кейін, Ирак үкімет армиясы АҚШ бас болған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалициямен бірлесе отырып, Мосулдың батысында 60 шақырым жердегі Талль-Афар қаласын қайтарып алу соғысын бастаған. Бұл шайқастың басталғанына екі аптадай болса да, Талль-Афарды қайтарып алу қиынға соғуда. Себебі, бұл қала ДАИШ-тың Ирактағы соңғы табан тірер тиянағы болғасын да, террорлық күштер бар күшін салып қарсыласуда. Екі күн бұрынғы Ирак әскери қолбасшылары берген мәліметте Ирак армиясы Талль-Афар қаласына кірген болатын.
Қазір БҰҰ Босқындар іс жөніндегі арнаулы комитет, аталған қаладағы 30 мың бейбіт тұрғынның қатерде қалғанын хабарлап отыр. «Анатолы» ақпарат агенттігінде жарияланған, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі комитеттің мәлімдемесінде, ДАИШ содырлары бейбіт тұрғындарды үкімет армиясына қарсы қалқан ретінде пайдалануы мүмкін делінген.
Қалада қазір 30 мың бейбіт тұрғын қоршауда жатыр. Олардың қашып құтылмақ болғандары содырлар жағынан оққа ұшуда. Қазір Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссия Талль-Афардағы жазықсыз тұрғындардың зардап шекпеуі үшін қаланы ДАИШ содырларынан азат ету ісімен айналысуда.