АҚШ-тың Ресейге қарата салған санкциясының көлемі артып келе жатыр. Сейсенбі күні АҚШ үкіметі Қытай мен Ресейдің 16 ұйымы мен жеке тұлғаларына, Солтүстік Кореяның заңсыз сауда айналымына қатысы бар деген айыппен санкция салды. Осыған орай Ресей сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары мәлімдеме жасап, Мәскеу жақтың Уашингтон тарапына лайықты жауабын әзірлеп жатқанын айтты. Бұл туралы ИРНА-ға сілтеме жасай отырып, «Parstoday» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Ресей СІМ басшысының орынбасары сөзінде: «Барак Обама тұсынан басталған Ресей мен АҚШ ара-қатынасының нашарлауы бүгінде жалғасын тапты. Мәскеу әрқашан қайшылықтарды келіссөз арқылы шешуді қалайды. Ал, АҚШ болса осы кезге дейін санкциялардың келіссөзге кедергі болып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіре түсетінін түсінбей келді», – деп айыптады. Сондай-ақ ол сөзінде алдағы уақытта Мәскеу жақтың АҚШ санкциясына қарсы пәрменді жауап әзірлеп жатқанын баса айтып өтті.
Әзірге Мәскеудің АҚШ санкциясына қандай жауап әзірлеп отырғаны белгісіз. Бірақ, кезекті санкцияның болмаса да, бұдан бұрынғы және алдағы болуы мүмкін шектеу шаралары Орта Азия елдеріне, Қазақстанға әсер етпейді деп айта алмаймыз. Дүрдараз АҚШ пен Ресей арасы татулықтан барған сайын алыстап барады. Десе де бір нәрсе анық – санкция екі елді татулыққа шақырмайды. Есесіне, АҚШ пен санкция ұшына іліккен елдер арасында араздықты күшейтеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі