АҚШ-тың Ресейге қарсы жариялаған жаңа санкциялары мемлекет үшін жағымсыз фактор. Себебі жаңа шектеулер Ресейге келетін инвестиция көлемін шектеуі мүмкін. Мұндай пікір Moody's халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеуінде айтылған, деп жазды "Прайм" сайты.
Агенттік сарапшыларының мәліметінше, қосымша салынған санкциялар Ресейдің Батыспен қарым-қатынасын одан ары ушықтырып жіберуі мүмкін.
Бұдан бөлек Moody's сарапшылары Ресейден капиталдың жылыстауы артатынын, рубльдің уақытша әлсіреуін және соның салдарынан инфляцияның өсуін болжап отыр. Ведомствоның хабарлауынша, Ресейден осы жылдың алғашқы үш айында-ақ, капиталдың кетуі 17,6 млрд АҚШ долларын құраған.
"Жаңа санкциялар - әсіресе шетелдік инвесторларға жағымсыз сигнал болып отыр. Себебі олар бұдан бұрын болған санкцияларға енді ғана бейімделген еді, алайда Ресейдің бәсекеге қабілеттілігін пайдалана отырып түрлі секторларда экспортты арттырғысы келген ішкі нарықтағы инвесторларға да оңай болып отырған жоқ", - дейді агенттік сарапшылары.
Айта кетейік, бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика министі Тимур Сүлейменов Ресейге салынған санкция Қазақстанға тікелей әсер етпейтінін айтты. Дегенмен Ресейге тартылатын инвестиция көлемі азаяр болса, бұның да бір ұші біздің елге де тиері сөзсіз.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау