Өзбекстанда «Ислем мемлекеті» лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 50-ге жуық адам ұсталды.
Өзбекстанның Самарқанд облысына қарасты Ургут ауданында Ресейдің Белгород қаласынан қайтып орлаған 50-ге жуық азамат «Ислем мемлекеті» ұйымына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған.
Самарқанд облысының құқық қорғау органдарының мәліметінше, Белгород қаласында жұмыс істеп келген 50-ге жуық азамат «Ислам мелекеті» лаңкестік ұйымына қаржылай көмек көрсетіп келген. Қазіргі уақытта олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Өзбекстан тәуелсіз адам құқығы жөніндегі ұйымдарының хабарлауынша, өткен жылдың қазан айынан бастап, ағымдағы жылдың қаңтар айына дейін Ташкент және Ферғана обылыстарында экстремистік ұйымдарға қатысы бар деген желеумен 100-ден астам азамат қамауға алынған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап