АҚШ пен Қытай арасында Қытай мемлекетінің ақшасын алып, Америкада қашып жүрген қытайлық азаматтарды тұтқындап, еліне депортациялау келісімі жасалды. Бұл туралы «Халық» басылымының ресми сайты хабарлайды.
АҚШ-тың Кедендік заң атқару орындары қытайлық Жоу есімді азаматты тұтқындап, екі күн бұрын Қытайдың орталық қаласы Бейжіңнің әуежайына жеткізіп берді. Қытай үкіметі осыдан бұрын Жоуды мемлекет қаржысын жымқырды деп айыптап, Қаржы министрлігінің талабымен халықаралық қызыл түсті қуғындау бұйрығы жарияланған. АҚШ полициясы маусым айынан бері Қытай үкіметі іздеу салған қылмыскерлерді осымен екінші рет жеткізіп беріп отыр.
Қытайдың Хубей провинциясының азаматы Жоу аталған аймақтағы ең ірі химия өнеркәсібі ЖШС атынан мемлекеттік банктерден 59 млн АҚШ доллары қарыз алып, жалған құжаттар арқылы қаржыны жымқырған. 2014 жылы заңсыз қаржы жылыстату жолдарымен ақшаны шетелдегі есепшотына аударып, АҚШ-қа қашып кеткен. Қытай үкіметінің талабымен АҚШ Миграция және кедендік басқару тараулары жағынан тұтқындалып, Қытайға қайтарған.