Ауғанстанның орталық қаласы Кабулда «Ауғанстандағы соғыс құрбандарына қатысты ұлттық зерттеуді қолға алу» тақырыбында арнайы отырыс болып өтті. Оған Ауғанстанның үкімет орындары, қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ, БҰҰ өкілдері де қатысты. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан істері жөніндегі адам құқығы бөлімінің басшысы аталған отырыста Ауғанстандағы соғыс құрбандары туралы деректерді алға тартты. Ол 2009 жылдан бері сол елде соғыс және лаңкестік шабуылдардан құрбан болғандар санының 77 000 адамға жеткенін хабарлады.
«Бұл адамдардың көбі мешіттер мен мектептерде, ауыруханаларда және басқа да әлеуметтік орындарда қасақана қырып-жою әрекеттерінің, жарылғыштар мен миналардың құрбандары», - деді БҰҰ-ның Ауғанстан істері бөлімінің өкілі.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр