Біріккен Араб Әмірлігінің «Schneider & Danzey FZC» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құрлысын салуға ниетті. Бұл туралы аталған компанияның басшылары Йорга Шнайдер мен Крейг Дензидің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде қонақтар өңір басшысына компания туралы толық ақпарат беріп, іске асырылғалы отырған инвестициялық жобасын таныстырды. 25 жылдық тарихы бар компания түрлі салаларда еңбек етеді. Негізінен бизнес жобаларды әзірлеп, инвестициялық ірі құрылымдарды құруға жәрдемдеседі. Компанияның бас ғимараты Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-Ал-Хайма қаласында орналасқан.
«Біздің мақсатымыз - Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт салу. Бұл ретте біздің компания негізгі екі бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр. Оның алғашқысы – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу болса, екіншісі – жасыл экономика саласын дамыту. Аталған екі жоба да экологияға зиянсыз әрі екі жаққа да өте тиімді деп ойлаймыз», - деді Йорга Шнайдер мырза.
Шетелдік қонақтардың инвестициялық жобасымен танысқан облыс басшысы өңірдің экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндірді.

«Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша облысымызға бұған дейін де бірнеше ұсыныстар келіп түскен болатын. Алайда олардың бірқатары қағаз жүзінде іске аспай қалды. Оған бірқатар себептер болғаны да жасырын емес. Ендігі мәселе – аталған зауыттың құрылысын тездетіп бастап, іске асыру өте маңызды. Бұл ретте жергілікті билік арнайы жұмысшы тобын құрып, атқарылатын шаруалардың кестесі түзілуі тиіс», - деді Ж. Түймебаев.
Бүгінде облыс халқының саны күн санап артып келеді. Яғни тұтынушы бар жерде қоқыстың да арта түсетіні заңдылық. Осы мәселеге тоқталған өңір басшысы аталған зауытты Түркістан мен Кентау қалалары төңірегінен немесе Сарыағаш, Мақтарал аудандарының маңынан салуды ұсынды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?