Батыс Гималайдағы таласта тұрған шекара өңірінде Қытай мен Үндістан әскері қақтығысып қалды. Үндістан жақтың берген хабарына қарағанда, Үндістан шекара қорғаушылары Пангонг көлінің жиегіндегі таластағы шекара сызығына Қытай әскерлерін кіргізбес үшін қарусыз тосқауыл қойған. Екі елдің шекарашылары бір-біріне оқ атпағанымен, тас лақтырған. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлайды.

Әзірге Үндістан үкіметі өзінің қандай талаптары бар екенін айтпады. Ал, Қытай жақ таратқан хабарламада, шекарашылар шекара сызығын бойлап шарлау жасап жүргенде Үндістан әскерлерінің қарсылығына ұшыраған. Қытай жақ Үндістанның екі ел арасында жасасқан шекара мен таластағы шекара аумағындағы келісімді берік сақтауын талап етуде. Бұл әрине екі ел арасындағы шекаралық жанжалдың алғашқысы емес, соңғысы да болмақ емес.

Маусым айынан бері Непал-Сикким өңірінде Қытай мен Үндістан шекара түйілісінде де қақтығыстар болып келеді. Қытайдың шекара сызығына жақын жол құрылысына Үндістан шекарашылары тосқауыл жасап келген. Соның нәтижесінде Қытай-Үндістан ара-қатынасы салқындап қалған еді. Бұл елердің шектескен шекаралары 4 мың шақырымнан асады. Шекара қақтығыстары көптеп болады. Осы үшін Қытай-Үндістан арасында 1962 жылы шекара соғысы да болған еді.

“The Qazaq Times”