Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэй Еуроодақтан шығу жұмыстары аяқталғаннан соң, Солтүстік Ирландиядағы бейбітшілік бастамаларына Еуропа қорынан бөлінетін қаржыны өз қазынасынан төлеуі мүмкін деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі жазды.
Солтүстік Ирландия жерін ағылшындарға үлестіріп отырған орталық биліктің саясатына қарсы жергілікті ұлтшылдар мен Ұлыбритания Үкіметі арасында болған қақтығыстардың соңғы нүктесі 1998 жылы қойылып, қос тарап "Белфаст" келісіміне қол қойды. 3 мың 600-ге жуық адамның өмірін қиған оқиғадан кейін, аталған мекенде бейбітшілік орнату және оны сақтау мақсатында Еуроодақ Солтүстік Ирландияға миллиардтаған еуро қаржы бөліп келді.
Тереза Мэй Еуроодақтың бейбітшілік бойынша бөлетін қаржысы 2020 жылы тоқтаылған соң, бұл шығындарды Ұлыбритания Үкіметі өз мойнына алуы мүмкін екенін жеткізді. "Бірнеше онжылдыққа созылған қанды қырғынның құрбандарына қолдау көрсету бойынша жеке бағдарлама тағайындауды қолға аламыз", - деді Премьер.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес