Ресей президенті Владимир Путин Грузиядан бөлінген Абхазияға сапарлай барды. Президент ретінде БҰҰ-да ресми дербестігі мойындалмаған Абхазияға сапарлай баруы көптеген елдердің наразылығына ұшырады. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды.
Путин Абхазиядағы сапары кезінде баспасөз мәжілісін басқарып, Ресейдің Абхазиямен қарым-қатынасты нығайта түсетіндігін, әсіресе қауіпсіздік және туризм саласында селбестіктерді нығайтатындығын атап өтті. Ол және Абхазияның дербестігін барынша қолдауға табанды болып, әскери жақтан көмек беруді жалғасты жүргізетінін атап өтті.
Путиннің кезекті сапары АҚШ вице-президенті Майк Пенстің Грузия астанасында болып қайтқаннан бір апта кейін болып отыр. АҚШ Грузия-Ресей, Украина-Ресей арасындағы шиеленістерінен өз ұпайын түгендеуге тырысады. Ал, Ресей НАТО мен АҚШ-ты Қара теңіз бен Кавказ өңіріне аттап бастырғысы келмейді. Грузияға АҚШ вице-президенті сапарына жауап ретінде, Грузиядан бөлінген, ресми түрде дербес ел саналып үлгермеген Абхазияға жасалған Путин сапары да АҚШ пен Ресей арасындағы бақталастықты аңғартып тұр.
Айта кететіні, Путиннің бұл қадамына Украина мен Грузия президенттері наразылық білдіріп, айыптады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы