Сәрсенбі күні Абхазиядағы оқ дәрі сақталған қоймада болған жарылыстан екі ресейлік турист қаза тапқаны мәлім болды. Жарақат алған тағы бір турист оқ дәрі қоймасына жақын маңда табылған. Бұл туралы BBC онлайн қызметі хабарлайды.

Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс. Фото: Би Би СИ
Аман қалған туристің айтуынша, ресейлік үш әйел сол маңда атқа мініп сейілдеп жүрген. Қаза болған екеуі Санкт-Петербург тұрғыны. Дербес республика ретінде танылмаған Абхазияның Қауіпсіздікті сақтау министрлігінің берген мәліметіне қарағанда, жарылыстан 60 адам жарақат алған, жарақаты ауыр болған 27 адам ауыруханаға жеткізілген. Абхазия әскери қоймаларды тұрғындар аумағынан алыс орналастырғаны туралы айтылған болатын. Алайда, жарылыстан зардап шеккен адамдар саны өте көп болған.

Дербестігі мойындалмаған Абхазия. Фото: BBC.
2008 жылы Грузиямен кірбеңдік кезінде Ресей Абхазияның тәуелсіздігін танығанын мәлімдеген еді. Бұдан сырт Венесуэла, Никарагуа, Науру және Вануату қатарлы елдер де Абхазия дербестігін мойындады. БҰҰ әлі де Абхазияны Грузия аймағы ретінде есептеп келеді. Тбилиси жағы Ресейді бұл аймақты Оңтүстік Осетия секілді оқшаулап алды деп айыптайды.
Бұл арадағы жарылыстан ресейліктердің қаза болуына байланысты, Мәскеу жақ қандай қадамдарды жасағалы отырғаны анық емес. Солай бола тұрса да Қара теңіздің шығыс жағалауында әлдебір тұрақсыздыққа мұрындық болмасына кім кепіл?!
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?