Грузия Қазақстан алдындағы мемлекеттік қарызын осы жылдың қыркүйек айынан бастап төлей бастайды. Қарыз париж клубы схемасы бойынша, яғни ең төменгі пайыз есебінен төленеді. Бұл туралы Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді.
Ақпарат бойынша, Қазақстан грузиялықтарға 90 жылдардың басында 27,5 млн доллар көлемінде қарыз берген.
"Ол кезде де біздің мемлекеттік қазына бос еді. Жағдай қиын болды. Ол кезде экс-президент Эдуард Шеварднадзе билікті қиындықпен ұстап тұрды, біздің президент оған түсіністікпен қарап, қарыз бердік. Грузия бұл қаражатқа мұқтаж болды. Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап Грузия тарапы Қазақстан алдындағы мемлекеттік қарызын өтей бастайды", - деді өкілетті елші.
Оның сөзінше, қарызды төлеу бойынша келіссөздер 2013 жылы басталған.
"Келіссөздер болды. Олар қарызды Париж клубы схемасы бойынша ең төменгі пайызбен төлейді", - деді
Париж клубы - 1956 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кредит беруші елдердің бейресми ұйымы. Олардың мақсаты - дамушы елдердегі мемлекеттік қарыздарды қайта құрылымдау.